Лента новостей
0

Жоба Казакстан Республикасынын Касіпкерлік кодексі жобасынын Тужырымдамасы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.08.2011 16:27 Фото: zakon.kz
Жоба

Жоба
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі жобасының Тұжырымдамасы

Кәсіпкерлік кодекс жобасының Тұжырымдамасы 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1468 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2010-2020 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша 2011 жылға арналған Іс шаралар жоспарының 10-тармағын орындау мақсатында 13.01.2011 жылғы № 51-11.30 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақовтың тапсырмасын орындауға арналып дайындалған.

Жоба


Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі жобасының Тұжырымдамасы

 

1. Заң жобасының атауы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі

 

2. Заң жобасын әзірлеудің қажеттігін негіздеу

Кәсіпкерлік кодекс жобасының Тұжырымдамасы 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1468 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2010-2020 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша 2011 жылға арналған Іс шаралар жоспарының 10-тармағын орындау мақсатында 13.01.2011 жылғы № 51-11.30 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақовтың тапсырмасын орындауға арналып дайындалған.

Экономикадағы түбегейлі қайта құрылу әрқашан әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасауға шақырады. Бірінші кезекте бұл өзгерістер заңнама жүйесіне қозғау салып отыр және бұл заңнаманың бір саласы екіншісінің орнына келіп отырғандығынан көрініп отыр (мысалы, шаруашылық заңнамасының орнына кәсіпкерлік заңнама, ал колхоздық және совхоздықтың орнына - аграрлық немесе ауыл шаруашылық және т.с.с).

Қазіргі уақытта ҚР кәсіпкерлік заңнамасы нормативтік құқықтық актілердің орасан көпшілігінің әр түрлі салалық тиістілігін білдіреді. Көбінесе, кәсіпкерлік заңнама Конституациясы, АК және басқа да нормативтік құқықтық актілерді құрайды және мына топтарға шарттық біріктіруге ұмтылу мүмкін.

Бірінші топқа кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі бастауын орнықтыратын арнайы нормативтік құқықтық актілер кіреді - бұл «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңы; «Өндірістік кооператив туралы» Заңы; «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы; «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңы; «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы»; «Акционерлік қоғамдар туралы»; «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы; «Лицензиялау туралы» Заңы; «Бәсекелестік туралы» Заңы; және т.б.

Екінші топ инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы актілерден тұрады -«Білім туралы» Заңы; «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы; және т.б.

Үшінші топ тұтынушылардың құқығын қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерден тұрады - «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы; «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» Заңы; «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңы; және т.б

Төртінші топқа отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді - «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Заңы; «Демпингке қарсы шаралар туралы» Заңы; «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» Заңы; «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңы; және т.б.

Бесінші топты кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер құрайды - «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңы;«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Заңы; «Шаруа қожалығы (фермерлік) туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы; «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы; «Инвестициялар туралы» Заңы; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңы; «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы; «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы; «Тауар биржалары туралы» Заңы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы және т. б.

Алтыншы топты жекелеген кәсіпкерлік шарттарға арналған нормативтік құқықтық актілер құрайды - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы; «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы; «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Заңы және т.б.

Жетінші топқа кәсіпкерлік қызметтің жекелеген аспектілерін реттейтін жалпы сипаттағы нормативтік құқықтық актілер біріктірілуі мүмкін - Қылмыстық кодексі; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексі; «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексі; «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасының патенттік заңы» Заңы; «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы» Заңы және т.б.

Заңнама жүйесінің бөлігіне жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерін іске асыру мақсатында қабылданған заңға тәуелді актілерді қосуға болады.

ҚР кәсіпкерлік қызмет туралы заңнама жүйесіне, сондай ақ ҚР халықаралық шарттары (ҚР-ның жалпы мойындалған халықаралық құқықтың нормалары мен принциптері және халықаралық шарттары оның құқықтық жүйесінің құрамды бөлігі боп табылатындықтан) кіреді.

Кәсіпкерлік кодексте барлық көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің оның үстіне, халықаралық келісімнің нормаларын біріктіру қажеттігі жоқтығы, анық екендігі белгілі.

 

3. Заң жобасын қабылдаудағы мақсат

Заң жобасының мақсаты болып Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік заңнамасын жүйелеу, кәсіпкерлікті құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою табылады.

 

4. Заң жобасын реттеу пәні

Кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қатынастар: 1) кәсіпкерлік мүліктік қатынастар (жеке-құқықтық қатынастар); 2) кәсіпкерлік басқару қатынастары (жария-құқықтық қатынастар); 3) кәсіпкерлік фирма ішілік қатынастар (корпоративтік қатынастар).

 

5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы Жалпы және Ерекше екі бөліктен, 10 бөлімнен тұрады.

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

I БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ

(«кәсіпкерлік» ұғымды және оның жалпы ережені белгілеу ұсынады)

II БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІ

(кәсіпкерлік қызмет көрсету мүмкін заңды тұлғаларының ұйымдық-құқықтық нысандарының құқықтық негізін, сондай-ақ жеке және бірлескен кәсіпкерліктін құқықтық ережені, оның туындауны, қайта ұйымдастыруны және тоқтатуны ашу ұсынады)

III БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

(кәсіпкерлік қызметіні мемлекеттік реттеуінің жалпы ережелеріні, оның тәсілдеріні мен түрлерін ашу ұсынады)

IV БӨЛІМ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР

(кәсіпкерлік саласында меншік құқығының жалпы ережелерін және оның нысандарын көздеу ұсынады)

V БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІ МҮЛКІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ

(кәсіпкерлік саласында мүлік туралы жалпы ережелерін және оның туындығын негіздерін және т.б. көздеу ұсынады)

VI БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР

(кәсіпкерлік міндеттемелері мен шарты туралы ережеледі көздеу ұсынады)

VII БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІІК

(кәсіпкерлік саласында жауапкершілігі туралы жалпы ережеледі және оның ерекшеліктерді ашу ұсынады)

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

VIII БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

(кәсіпкелік қызметінің кейбір түрлерін мемлекеттік реттеуге қатысты нормаларды көздеу ұсынады)

IX БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АРНАЙЫ РЕЖИМДЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ШАРТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

(кәсіпкерліктін ерекше режимдердін және кәсіпкерлерімен келісетін кейбір шартының ерекшілігін көздеу ұсынады)

X БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

 

6. Заң жобасы қабылданған жағдайда ықтимал құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық салдарлар

Кәсіпкерлік кодексті қабылдау нәтижесінде кәсіпкерлік заңнама жүйеленеді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласында бірыңғай қоғамдық қатынастардың болмауы себебінен Кәсіпкерлік кодексте нормалар салалық белгілеріне емес, реттейтін қатынастарға байланысты біріктірілетін болады, ал бұл әр түрлі салалық нормалардың қақтығысын тудырады, азаматтық қатынастарды қоса, әр түрлі құқықтық реттеу салаларындағы заңнамалық актілер нормаларының қайталуына алып келеді.

Кәсіпкерлік кодексті қабылдаумен қатар, көптеген өзге арнайы заңдардың болу қажеттілігі сол қалпында қалады. Ал бұл, құқық қолдану процесі одан да күрделенеді: тек қана Азаматтық кодексті кәсіпкерлік саласындағы арнайы заңдармен емес, сонымен қатар, олардың әрқайсысын Азаматтық кодекс пен кәсіпкерлік саласындағы өзге арнайы заңдармен байланыстыратын арнайы кодификацияланған заң ретінде Кәсіпкерлік кодекспен байланысын орнатуға тура келетінін білдіреді.

 

7. Өзге заңнамалық актілерді әзірленетін заң жобасымен бір уақытта/кейіннен сәйкес келтіру қажеттігі.

Кәсіпкерлік кодексті қабылдаумен ҚР АК келесі нормалар: 10-11, 19, 21, 51-88, 91-104, 156, 196-208, 224-226, 360, 458-477, 493-500, 565-580, 896-909, 1017- 1037-баптарды алып тастау немесе кайта қарау болжанады.

Кәсіпкерлік кодексті қабылдаумен төмендегі заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану қажет болады:

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы;

«Бәсекелестік туралы» Заңы;

«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы;

«Тауар биржалары туралы» Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;

«Шаруашылық серіктестіктері туралы» Заңы;

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы;

«Инвестициялар туралы» Заңы;

«Лицензиялау туралы» Заңы;

«Банкроттық туралы» Заңы;

«Өндiрiстiк кооператив туралы» Заңы;

«Инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдау туралы» Заңы;

«Сақтандыру қызметі туралы» Заңы;

«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңы;

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңы;

«Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Заңы;

«Демпингке қарсы шаралар туралы» Заңы;

«Субсидиялар және өтем шаралары туралы» Заңы;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

«Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңы;

«Аудиторлық қызмет туралы» Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы;

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңы;

«Байланыс туралы» Заңы;

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңы;

«Концессиялар туралы» Заңы;

«Қаржы лизингі туралы» Заңы;

«Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы;

«Электр энергетикасы туралы» Заңы;

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Заңы;

«Техникалық реттеу туралы» Заңы;

«Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңы.

 

8. Заң жобасы пәнінің өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелінуі

Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодекстің реттелу пәніне кіретін жекелеген мәселелер АК алып тастау болжанатын кейбір ережелерімен және кәсіпкерлік қызметті регламенттейтін ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Аталған нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылған деп тану болжанады.

 

9. Қаралатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибе

Алыс шетелдердің Сауда (Коммерциялық, Кәсіпкерлік) кодекстерін қабылдаудағы тәжірибесіне қатысты айтар болсақ, оның ежелгі тарихы бар.

Францияда 1673 жылы Сауда кодексі (Құрлықтағы сауда туралы ордонанс) қабылданады; 1681 жылы - Теңіз кодексі (теңіз саудасы туралы ордонанс) олар тарихқа Кольбердің (оларды қабылдаудың бас бастамашысы, Людовик XIV кезінде министр болған) ордонанстары ретінде кірген. Демек, бастапқыда сауда заңнамасы, ал азаматтық заңнама 130 жыл өткеннен кейін кодификацияланды. Францияның 1804 жылғы азаматтық кодексі (Наполеонның Азаматтық кодексі ретінде белгілі) және Францияның 1807 жылғы Сауда кодексі азаматтық және сауда құқығының дуализмін, яғни жеке құқық дуализмінің негізін қалады.

Австрияда 1811 жылы Жалпы азаматтық кодекс, ал 1897 жылы - Сауда кодексі қабылданды. Германияда, Франциядағыдай сияқты, сауда заңнамасын біріздендіру азаматтыққа қарағанда ерте басталды, ал 20 жыл өткеннен кейін 1896 жылы Азаматтық кодекс (Азаматтық жинақ (ГАЖ)), ал 1897 жылы - Сауда кодексі (Сауда жинағы (ГСЖ) шығарылды (олар бір уақытта, 1900 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енді). Жапонияда 1896 жылы Азаматтық кодекс, ал 1899 жылы Коммерциялық кодекс қабылданды.

Әрі қарай егжей-тегжейін қарамай, шетелде қалыптасқан нарықтық қатынастардың құқықтық реттемесін жинақтап қорытындылағанда, төмендегідей қорытынды шығаруға болады.

Біріншіден, жеке құқық дуализмі Азаматтық және Сауда кодекстері бір уақытта әрекет ететін континенттік құқық (роман-германдық құқықтық жүйенің) елдеріне тән. Жеке құқық дуализмі, атап айтқанда, Германияда, Сауда жинағы Азаматтық жинақпен қатар арнайы заңнама ретінде болуынан көрінеді. Бұл сауда құқығының нормалары тек қана, тиісті қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттелмеген жағдайларда ғана қолданылады дегенді білдіреді.

Екіншіден, Франция мен Германияда сауда заңнамасы азаматтық заңнамадан бұрын кодификацияланған. Оның үстіне өткен уақыт ішінде бұл мемлекеттердің, әсіресе Францияның, сауда кодекстерінің қолданысы саласына жатқызылған құқықтық қатынастар азаматтық кодекстердің және де өзге нормативтік құқықтық актілердің нормаларымен реттелгеніне орай негізделмеген қайталаманы жойғандықтан, сауда кодекстері едәуір қысқарды. Австрия мен Жапонияда, керісінше - бірінші азаматтық, кейіннен сауда заңнамасы қабылданды.

Үшіншіден, көптеген еуропа мемлекеттерінде сауда (кәсіпкерлік немесе коммерциялық) кодекстері жоқ, ал кейбір мемлекеттерде (мәселен, Италияда) алдын қолданыста болған сауда кодекстерінің күші жойылған.

Осы мәселе бойынша жақын шет елдер тәжірибесіне қатысты, ТМД-ның барлық мемлекеттері ішінде тек Украина 2003 жылы қабылдағанын айту қажет. Шаруашылық кодекс Азаматтық кодекспен қатар әрекет етеді. Бұл ретте, Украин Шаруашылық кодексінің жалпы бөліміндегі нормалар шаруашылық қатынастарын реттеу барысында Азаматтық кодекстің нормалары алдында басымдықта болады, ал міндеттемелік және шарттық шаруашылық қатынастарды Шаруашылық кодексте реттеуде - керісінше, Азаматтық кодекстің нормалары басымдықта болады. Кәсіпкерлік саласындағы мүліктік және өзге қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеуді түбегейлі жоққа шығарудың негізінде құрылған Украинаның Шаруашылық кодексі, онымен ұқсас не бірдей құқықтық қатынастарды реттейтін Азаматтық кодекс нормаларымен сөзсіз бәсекеге түседі.

Ресей мен Қазақстанның цивилист - ғалымдары Украинаның Шаруашылық кодексінің (УШК) мазмұнына сыни көзқараспен қарайды.

Кодексті әзірлеу мен қабылдау мүмкіндігі туралы мәселе ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің Әділет министрлері кеңесінің азаматтық заңнама үйлесімі жөніндегі Жұмыс тобы мүшелерінің (Астана қ., 2010 жылғы 14-қазан) бейресми талқылауына түсті, оның барысында белорусс, қырғыз, ресей тараптары өз мемлекеттерінде коммерциялық, кәсіпкерлік немесе шаруашылық кодекстерін әзірлеуге қатысты теріс пікірлерін білдірді.

Осылайша, жеке құқықтың дуализмі кең тарау таппады. Бұл ретте заңнамасында жеке-құқықтық сипаттағы мүліктік қатынастарды реттеуде дуализм орын алып отырған елдерде азаматтық кодекстің рөлінің күшеюінен көрінетін оны жою үрдісі пайда болды.

 

10. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

 

 

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: